Accessibility links

Киевте президент кеңсесі маңында ұлтшылдар мен полиция қақтығысты


Полиция Украина президенті кеңсесі алдында өткен "Капитуляцияны тоқтатайық" наразылық акциясына қатысушыларға жас ағызатын газ шашты. Киев, 14 тамызд 2021 жыл.
Полиция Украина президенті кеңсесі алдында өткен "Капитуляцияны тоқтатайық" наразылық акциясына қатысушыларға жас ағызатын газ шашты. Киев, 14 тамызд 2021 жыл.

Киевте полиция Украина президенті кеңсесі алдында өткен "Капитуляцияны тоқтатайық" наразылық акциясына қатысушыларға жас ағызатын газ шашты. Бұл туралы 14 тамызда Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.

Шараға қатысушылар Украинаның Донбаста бейбітшілік орнату жөнінде Минск келісімін орындауға және Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіне су беруге қарсы.

Акцияны ұйымдастырған қоғамдық ұйымдардың арасында "Ұлттық корпус" оңшыл радикал қозғалысы да бар. Ішкі істер министрлігі шараға қатысушылар үкімет ғимаратына тақаған кезде полицияның тексеруінен өтуден бас тартып, жанжал шығарды дейді.

Белсенділер полицияға өздері ала келген автокөлік дөңгелектерін лақтырып, файер тұтатқан. Соның салдарынан жеті полицейдің көзіне зақым келген, Ұлттық гвардияның бірнеше қызметкері жараланған деген биліктің ресми ақпаратын жариялады "Украинская правда" басылымы.

Полициямен қақтығыстан кейін белсенділер Украина президенті Владимир Зеленский тұратын үйге шерумен барған. Ұйымдастырушылар наразылық акциясына төрт мың адам қатысты дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG