Accessibility links

Түркияда ресейлік өрт сөндіру ұшағы құлап, 8 адам опат болды


Түркияда апатқа ұшыраған Бе-20 ұшағы 2020 жылы алғаш рет әуеге көтерілді. Архив.
Түркияда апатқа ұшыраған Бе-20 ұшағы 2020 жылы алғаш рет әуеге көтерілді. Архив.

Түркияның оңтүстігінде Ресей қорғаныс министрлігінің Бе-200 өрт сөндіруші амфибия ұшағы құлады. Ұшақ бортында Ресейдің бес әскери қызметкері мен үш түрік маманы болған. Бәрі қаза тапты.

Апат алдында ұшақ Түркияның орман шаруашылығы басқармасының қарауында болып, орман өртін сөндіруге жұмылдырылған. Оны елдің оңтүстігіндегі Алмалы ауданындағы өртті сөндіруге қолданған деп хабарлады "Анадолу" агенттігі.

Апаттың себебі белгісіз. Куәгерлердің видео жазбаларына қарағанда, ұшақ өрт аумағына су төккен соң, тауға барып соқтыққан.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Twitter-де осы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Апат орнынан Ресей қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Совет ұшқышы Александр Мамкиннің құрметіне аталған ұшақ 2020 жылдың ақпанынан бастап қолданыла бастаған.

Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, қорғаныс министрі Сергей Шойгуға марқұмдарды мемлекеттік марапата ұсынуды тапсырды.

Апатқа ұшыраған Бе-200 ұшағы Краснодар өлкесі Қырым қаласының аэродромында болған. Түркияға оны шілденің басында жолдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG