Accessibility links

Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін тәліптер күзетіп тұр


Кабул көшесінде жүрген тәліптер. 18 тамыз 2021 жыл.
Кабул көшесінде жүрген тәліптер. 18 тамыз 2021 жыл.

Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін тәліптер күзетіп тұр. Бұл туралы 20 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин хабарлады.

"Кабулды басып алған тәліптер Қазақстан елшілігіне де келген. Олармен елші сөйлескен. Қазақстан елшілігі екенін білген соң, "ештеңеден қорықпай бұрынғыша жұмыс істей беріңдер" деген. Содан бері тәліптер елшілікті күзетіп тұр. Тәліптермен байланыс әзірге осы ғана" деді Рахметуллин жұма күнгі брифингте.

Министр орынбасарының сөзінше, Қазақстанның тәліптермен өзгедей байланысы жоқ.

"Талибан" қозғалысы 15 тамызда Кабулды соғыссыз алған соң, Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын, Ауғанстан ислам әмірлігін құратынын мәлімдеген.

"Талибан" 1996 жылдан 2001 жылға дейін Ауғанстанның басым бөлігінде билік еткен. 2001 жылы Нью-Йорктегі террордан соң АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстан аумағына кіріп, тәліптер бұрынғы билігінен айырылған еді. Олар АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылар қарсаңда қайта белсеніп, ірі қалаларды шапшаң басып алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG