Өткен тәулікте 6314 адамның коронавирус жұқтырғаны лабораторияда дәлелденген. Бұл ақпаратты Қазақстан денсаулық сақтау минстрлігі таратты.
Коронавирус жұқтырғандардың көптігі жағынан 1615 адаммен Алматы қаласы алда тұр. Қарағанды облысы (913) мен Нұр-Сұлтан қаласы да (650) алғашқы орындарда.
Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда барлығы 743 220 адамның коронавирус жұқтырғаны лабораторияда дәлелденген.
21 тамыз, сенбіде Қазақстанда COVID-19-дан 113 адам, "ковид тәрізді" пневмониядан 24 адам қайтыс болған.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен одан өлгендер ресми статистикадан әлдеқайда көп деп санайтындар бар.
Кейінгі аптада тәулігіне жеті мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі мұны тез жұғып, жылдам таралатын дельта-штамнан және халықтың қауіпсіздікті сақтамауы, маска тақпауынан көреді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір Қазақстанда 124 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның 30 мыңы ауруханаға жатқызылған.
Джонс Хопкинс университетінің мағлұматы бойынша, әлемде 211 миллион адам коронавируспен ауырып, 4,4 миллион адам қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР