Accessibility links

CNN: Кабул әуежайына АҚШ пен НАТО азаматтары ғана жіберіледі


Кабул әуежайының төңірегіне жиналған адамдар. Ауғанстан.
Кабул әуежайының төңірегіне жиналған адамдар. Ауғанстан.

Вашингтон Ауғанстаннан ұшып кетудің жалғыз жолы болып қалған Кабул әуежайына кіру ережесін өзгертті. Мұнан былай әуежай аумағына тек қана АҚШ пен НАТО елдерінің азаматтары және грин-картасы (АҚШ-та тұруға рұқсаты бар, бірақ бұл елдің азаматы емес) бар адамдар ғана жіберіледі. Бұл жөнінде CNN хабарлады.

Телеарнаға ақпарат берген адамның сөзінше, АҚШ-тың арнаулы иммиграция визасы (SIV) бағдарламасы бойынша Ауғанстаннан алып кетуді өтінгендерді де Кабул әуежайына кіргізбейді. Аталған виза АҚШ агенттігі мен ауған үкіметі күштерінде жұмыс істеген ауғандарға арналған еді.

Кейінгі хабарларға қарағанда Кабул әуежайында Ауғанстаннан кеткісі келетін 20 мың адам тұр. Олардың ішінде әскерге шақырылатын жастағы құжатсыз жастар көп.

"Талибан" қозғалысы 15 тамызда Кабулды соғыссыз алып, Ауғанстанға толық бақылау орнатқанын мәлімдеген. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани шетелге шығып кеткен.

Тәліптер билігінде қалғысы келмейтін ауғандар Ауғанстаннан түрлі жолдармен жаппай қашып жатыр. Мыңдаған адам әуежайда ұшақтарға ұмтылып, дүрбелең туды.

Әлемнің 70-ке жуық елі мен Еуро одақ тәліптер билігінде қалғысы келмейтін Ауғанстан халқы мен шетел азаматтарына Ауғанстаннан кетуге кедергі келтірмеуге шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG