Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте 6,7 мың адам коронавирус жұқтырып, 141 адам қайтыс болды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

"Қазақстанда өткен тәулікте 6358 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестпен расталды" деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл ақпаратта 141 адамның осы инфекциядан қайтыс болғаны көрсетілген.

Вирус ең көп таралған аймақтар ішінде Алматы қаласы алғашқы орында тұр (1605 адам). Онан кейін Қарағанды облысы (821) мен Нұр-Сұлтан (601) қаласы.

Ресми мағлұматқа қарағанда, 2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда барлығы 761 мың 249 адам жұқтырғаны лабораторияда дәлелденген.

Эпидемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 8758 адам, "коронавирус тәрізді пневмониядан" 4315 адам қайтыс болған. Жергілікті жерлерде "коронавирус түрткі болып, өзге дерттен өлді" деген диагноз қойылған адамдар бұл статистикаға енбеген.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, республикада қазір коронавирустан 117,5 адам емделіп жатыр, оның 27 мыңы ауруханаға орналастырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG