Accessibility links

Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды


Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайыналды.
Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайыналды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі, 1 қыркүйек күнгі жарлығымен Ербол Қарашөкеевті ауыл шаруашылығы министрі етіп тағайындады.

Қарашөкеев 10 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарып келген. Сол күні Тоқаев саланы басқарып келген Сапархан Омаровқа «дұрыс шешім қабылдамады» деп сөгіс жариялап, оны қызметінен алды.

Қазақстанда бірқатар облысында шаруалар құрғақшылықтан зардап шегіп жатыр. Маусым және шілде айларында Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаруалар азықтың жоғынан малы қырылып жатқанын айтып шағынған. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда олардың жемнің жоғынан малға картон қағаздарын беріп жатқаны көрсетілген. Жағдай ел арасында наразылық тудырып министрдің отставкаға кетуін талап етушілер пайда болды.

Жұт. Маңғыстаудағы қуаңшылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:32:22 0:00

Ербол Қарашөкеев қазіргі қызметіне дейін үш айға жетер-жетпес уақыт қаржы министрінің орынбасары болып істеген. Оған дейін президент әкімшілігінде қызмет атқарған, "ҚазАгро" мемлекеттік холдингінде басқарма төрағасы лауазымында болған. Бұл холдинг ауыл шаруашылығы саласындағы миллиардтаған теңге қаржы бөлінгенімен іске аспай, шығынға ұшыраған жобалары үшін талай рет сынға қалған.

Ал қызметінен сөгіспен кеткен Сапархан Омаров көп ұзамай "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Кейінірек оны бұл қызметке Ербол Қарашөкеевтің тағайындағаны белгілі болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG