Accessibility links

Генерал Милли: Ауғанстанда азамат соғысы тұтануы мүмкін


Генерал Марк Милли.
Генерал Марк Милли.

АҚШ штаб жетекшілері біріккен комитетінің басшысы Ауғанстанда азамат соғысы тұтануы мүмкін деп санайды. Американың Fox News арнасына берген сұхбатында Марк Милли Ауғанстанда террористік топтардың жандану қаупі туындады деп мәлімдеді.

Генерал Марк Милли әлі күнге дейін өз үкіметін жасақтай алмаған тәліптер билікті бір жерге шоғырландырып, тиімді басқару жүйесін құра алады дегенге күмән келтіреді. Бұл өз кезегінде "Әл-Қаида" немесе "Ислам мемлекеті" сияқты террористік топтардың жандануына жағдай жасап, азамат соғысына ұрындыруы мүмкін.

Генералдың болжамынша, Ауғанстанда терроризмнің жандануына бір-үш жыл аралығында уақыт кетеді.

2001 жылы 11 қыркүйекте болған АҚШ тарихындағы ең ірі терактіні "Әл-Қайда" террор ұйымы мойнына алғаны, оның жетекшісі Усама бен Ладеннің Ауғанстанға жасырынғаны белгілі болғаннан кейін АҚШ Ауғанстанға әскер кіргізген. Ауғанстанда АҚШ-қа "Әл-Қайдадан" өзге "Талибан" қозғалысы да көп жыл қарсылық көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG