Accessibility links

Гвинеяда арнайы жасақ президент Альфа Конденің ұсталғанын мәлімдеді


Көшедегі әскери техника. Гвинея астанасы Конакри, 5 қыркүйек 2021 жыл.
Көшедегі әскери техника. Гвинея астанасы Конакри, 5 қыркүйек 2021 жыл.

Гвинеяда мемлекеттік төңкеріс жасау талпынысы болды. Арнайы жасақ өкілдері жексенбі, 5 қыркүйекте видеомәлімдеме таратып, елді он жылдан астам басқарған президент Альфа Конденің ұсталғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігі мемлекет басшысының ұсталғанын жоққа шығарып, президент сарайына шабуыл жасаған топ тықсырылды деп мәлімдеді. Кейін бүлікшілер жетекшісі мемлекеттік RTG телеарнасынан сөйледі. Халықаралық француз радиосының хабарлауынша, ол президенттің қолға түскенін растаған.

83 жастағы Альфа Конде Гвинеяны 2010 жылдан бері басқарып келеді. 2020 жылы шамамен 60 пайыз дауыспен үшінші мерзімге сайланған.

Гвинея заңы бойынша, Конденің үшінші рет сайлау түсуге құқығы жоқ болған. Алайда билік Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізіп, Конденің билікте қалуына жағдай жасаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG