Accessibility links

Жыл басынан бері 12,5 мың адам қандас мәртебесін алған


Оралман отбасылар тұратын орталықта есік алдында ойнап жүрген балалар. 2017 жыл. Көрнекі сурет.
Оралман отбасылар тұратын орталықта есік алдында ойнап жүрген балалар. 2017 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстанда жыл басынан бері 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері елге 1 млн. 82,8 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы 8 қыркүйекте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Биыл келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 9,8%-ы Қытайдан, 6,8%-ы Түрікменстаннан, 2,5%-ы Моңғолиядан және 4,9%-ы басқа елден келген.

Келгендер негізінен Алматы (28,4%), Түркістан (13,8%), Маңғыстау (19,5%) және Жамбыл (8,2%) облыстары, сонымен бірге Шымкент қаласына (10,4%) қоныстанған.

Ақпаратқа қарағанда, қоныс аударушылардың 55,2%-ы – еңбекке жарамды, 27,1%-ы – еңбекке қабілетті жастан кіші , 17,6 пайызын зейнеткерлер құрайды.

Еңбекке қабілетті қандастардың 11%-ының жоғары білімі бар. 39,4 пайызының орта кәсіби білімі бар. 45,7%-ы - орта білімді. Шамамен 4%-ының білімі жоқ.

Елде қандас мәртебесі бір жылға дейін жарамды. 2020 жылы мамырда көшi-қон мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзіліп, бұған дейін "оралман" аталып келген этникалық қазақтар "қандас" деп аталатын болған. Бірақ оралмандар бұл өзгерістер азаматтық алу процедурасын жеңілдетпеді деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG