Accessibility links

Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды


Мағзұм Мырзағалиев.
Мағзұм Мырзағалиев.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылып, энергетика министрі болып тағайындалды. 9 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Бұған дейін энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

42 жастағы Мағзұм Мырзағалиев халықаралық экономика және мұнай-газ саласы бойынша маманданған. Тұран университетін, ІІМ дипломатиялық академиясын, Есенов атындағы мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

Теңіз, Батыс Сібір кеніштерінде жұмыс істеген. "Қазмұнайгазға" қарасты "Теңіз сервис" компаниясын басқарған.

2013 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамызына дейін мұнай және газ вице-министрі болған. Одан соң 2019 жылдың маусымына дейін энергетика министрінің орынбасары болды. 2019 жылдың маусымынан бері экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқарып келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG