Accessibility links

Киев түбінде журналист Шеремет өлімі бойынша істі жүргізген судьяның денесі табылды


Журналист Павел Шеремет өлімі бойынша сот отырыстарының бірі. Киев, қазан айы 2020 жыл.
Журналист Павел Шеремет өлімі бойынша сот отырыстарының бірі. Киев, қазан айы 2020 жыл.

Киев түбіндегі Погреб елді мекенінде журналист Павел Шеремет өлімі бойынша істі жүргізген судья Виталия Писанецтің денесі табылды. Ол бұған дейін күдіктілердің қамау мерзімін бірнеше рет ұзартқан.

Писанецтің өлімі жайлы егжей-тегжейлі ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Алайда мемлекеттік тергеу бюросы қасақана адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс ашқан.

Журналист Павел Шеремет 2016 жылы 20 шілдеде Киевте өлтірілген. Ол сол күні Украина астанасында таңертең радиодағы хабарын жүргізу үшін жұмысқа бармақ болған кезде автокөлігіне алдын ала қойылған бомба жарылысынан қаза болған.

2019 жылы тергеушілер қылмыс ашылғанын мәлімдеп, Украинаның үш азаматы: музыкант Андрей Антоненко, кардиохирург Юлия Кузьменко және әскери медбике Яна Дугарь қамауға алынған хабарлаған. Олардың барлығы Донбастағы антитеррористік операцияға қатысқан. Тағылған айыптарды мойындамайды.

Павел Шеремет – Беларусь, Ресей және Украина бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек еткен танымал журналист. Тергеу органдары журналистің қазасын кәсіби қызметімен байланыстырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG