Accessibility links

Пентагон Кабулдағы бейбіт тұрғындарды қателесіп өлтіргенін мойындады


Генерал Кеннет Маккензи.
Генерал Кеннет Маккензи.

Пентагон 29 тамызда Ауғанстанда америкалық дронның соққысынан 10 бейбіт тұрғынның қаза болғанын мойындады. Мерт болғандардың жетеуі – бала. New York Times басылымының хабарлауынша, Америка жағы оқиғаны "қайғылы қателік" деп атады.

Америка әскері жеңіл көліктегі жарылғыш зат деп ойлаған нәрсе суға толы канистр болып шыққан. Кабулда халық көп шоғырланған ауданға екінші рет соққы жасалған кезде газ баллоны жарылған. Тергеушілер бірінші соққы кезінде жарылған көліктен ешқандай қауіп болмаған, онда бейбіт тұрғындар отырды деген қорытындыға келді. Оны америкалық гуманитарлық ұйыммен ұзақ уақыт әріптестік орнатқан адам жүргізген.

Бастапқыда Америка әскерилері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Кабулдағы жасырын ошақтарының біріне соққы жасаймыз деп ойлаған.

АҚШ қарулы күштері орталық басқармасының жетекшісі, генерал Кеннет Маккензи жұма күні Пентагондағы баспасөз мәслихаты кезінде көлік жүргізушісі, соққы кезінде қаза болған Земари Ахмадидің отбасы мен туыстарына көңіл айтқанын хабарлады.

Маккензидің түсіндіруінше, Америка әскері "Ислам мемлекеті" тобы Кабулдағы әуежайға кезекті рет шабуыл жасауға дайындық жасап жатыр деген сенімде болған. Оның алдында үш күн бұрын әуежайдағы теракт кезінде 140-тан астам адам қаза болған. 13-і – америкалық әскери қызметкер.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG