Accessibility links

Techno Trading жұмысшылары 24 күнге созылған ереуілден соң талаптарына қол жеткізді


Techno trading компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілдетіп отыр. Жетібай кенті, Маңғыстау облысы. 2 қыркүйек, 2021 жыл.
Techno trading компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілдетіп отыр. Жетібай кенті, Маңғыстау облысы. 2 қыркүйек, 2021 жыл.

Маңғыстау облысының Жетібай кентіндегі бір айға жуықтаған Techno Trading LTD жұмысшыларының ереуілі өткен сенбіде тоқтады. Талаптары орындалған жұмысшылар жұмыс орындарына оралған.

Techno Trading LTD жұмысшылары екі күннен бері жұмыстарын қайта жалғастырып жатыр. Олар 24 күн бойы мекеменің алдына тіккен палаткаларын жинап, жұмысқа оралды. Бұл туралы Азатыққа Techno Trading LTD компаниясының 5-разрядты операторы Айбек Тәжіғалиев айтты.

Оның айтуынша, жұмыс берушімен жалақыны 30%-ға көтеріп, Мұнайшылар күні, Тәуелсіздік күні, Наурыз мерекелері қарсаңында 20 айлық есептік көрсеткішке тең сыйақы беруге және сауықтыру үшін келесі жылдан бастап төлем төлеуге келісім жасалып, хаттама жасақталған.

- Жұмысшылар енді келіскендей болды. Әлі келісім жасалатын мәселе бар. Біздің ереуілімізді заңсыз деп сотқа тартқаннан кейінгі сот шешіміне қатысты қудаланбайтынымыз туралы да хаттамаға енді. Сауықтыруға төлем жасау 2022 жылға қалды, себебі кейбірі еңбек демалысына барып келді. Денсаулыққа төлем – 50% немесе 100% бола ма, қосымша талқылаймыз,- дедi ол.

Жетібай мұнай кен орнын игеріп жатқан "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының ұңғымаларына қызмет көрсететін Techno Trading LTD компаниясы жұмысшыларының ереуілі 27 тамызда басталған. Содан бері мекеменің 200-ге тарта жұмысшысы жұмысқа шықпай, компания кеңсесі алдына қосын тігіп жайғасқан еді.

Қарай отырыңыз: Жыл басынан бері ереуілдеткен мұнайшылар талабы қалай орындалды? (8 қыркүйек 2021 жыл).

Жыл басынан бері ереуілдеткен мұнайшылар талабы қалай орындалды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:53 0:00

Өткен бейсенбіде ереуілдеген жұмысшыларды қолдап отбасылары да келген. Содан кейін үш күн өте 19 қыркүйекте жұмыс беруішімен наразы жұмысшылар өзара келісімге қол қойған.

Тechno Trading мекемесі жұмысшыларының жалақыға қатысты талабы 2014 жылдан бері айтылып келеді. Компаниядағы ең ірі жұмысшылар наразылығы 2016 жылы наурыз-сәуір айларында өткен. Ол жолы талаптары орындалмаған Тechno Trading жұмысшылары 2017 жылғы қаңтар айында аштық жариялаған еді. Компания ондаған жұмысшыны жұмыстан шығарған болатын.

Тechno Trading мекемесі "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының Жетібай, Қаламқас мұнай кен орындарындағы жабдықтарын жөндеумен айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG