Accessibility links

Нұр-Сұлтан мен төрт облыста коронавирустың Eta штамы анықталды


Қазақстанда коронавирустың Eta штамы (кейде оны Нигерия штамы деп те атайды) анықталды. Бұл туралы сейсенбі күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында хабарлады.

"Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Оның қорытындылары бойынша, Қазақстанда 96 үлгіден штамдар анықталған. (Delta "Үнді штаммы" - 57 (59,4%), Alpha "Британдық" - 24 (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%))" деп жазды министр.

Оның айтуынша, "Нигерия" штамы 4 өңірде анықталған: Қарағандыда - 1, Маңғыстауда - 2, Павлодарда - 1, Нұр-Сұлтанда - 1.

Министрдің жазуынша, Еtа штамы 2020 жылы желтоқсанда белгілі болған. Ол алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Оған шалдыққандардың әдетте "британ штамы" сияқты дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалады, аурулары асқынады.

Тамыз айында ДДСҰ Eta штамының өте қауіпті екеніне дәлелі жоғын, одан гөрі "дельта" қауіптірек екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG