Accessibility links

Қырғыз милициясы "ПТР анықтаманы қолдан жасағандарға" іс қозғады


Қырғызстанда "ПТР анықтаманы қолдан жасап, сатқандарға байланысты" сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Шу облысында осындай екі факт тіркеліп, үш азамат ұсталған. Талас облысында да осыған ұқсас бір факт анықталып, жеке зертхананың екі қызметкері ұсталған. Полицияның ақпаратынша, олар ПТР анықтаманы 2 мың сомнан (23 доллар) сатқан.

"Жалған құжат жасау" бабы бойынша сот өндірісі жүргізіліп жатыр.

Кейінгі кезде Қазақстанда да осыған ұқсас оқиғалар жиі тіркеліп жатыр. Бұған дейін ресми орындар ПТР анықтама, вакцинаның жалған паспортын қолдан жасағандар анықталып, ондаған іс тіркелгенін хабарлаған. Қыркүйек ортасында Ақтөбе облысында ПТР тесттің жалған анықтамасын сатты деп айыпталған ерлі-зайыптыларға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (әрқайсысына 200 АЕК) айыппұл салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG