Accessibility links

Бір күнде 2,1 мың адамнан коронавирус пен "пневмония" анықталды, 52 науқас қайтыс болды


Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталық.
Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталық.

28 қыркүйекте Қазақстанда 1925 адамның анализінен коронавирус анықталды.

Алматыда – 426, Нұр-Сұлтанда – 196, Алматы облысында – 181, Қарағанды облысында - 174, Павлодар облысында – 144, Қостанай облысында 104 науқас тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, тамыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар азайып келеді. Ведомство басшысы Алексей Цой бір күн бұрын кейінгі екі аптада ауру өсімі 36 пайызға азайды деп мәлімдеген.

Індет басталғалы бері 882 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 11 142-і қайтыс болған. 27 қыркүйекте 42 адам көз жұмды. Коронавирус жұқтырғаны расталған 3123 адамның өлімі осы індеттен қайтыс болғандардың статистикасына кірмей қалған.

Денсаулық сақтау министрлігі былтыр тамыздан бері есепке ала бастаған коронавирус пневмониясына шалдыққандар 75 мың адамға жетті. 4817-і қайтыс болған. 27 қыркүйекте коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 10 адам өлімі тіркелді.

Қазір үш облыс пен екі қала коронавирустың тарауы бойынша "қызыл аймақта" тұр: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстары. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары "жасыл аймақта". Қалғаны "сарыда" тұр.

Қазір 61 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 10 мыңы – ауруханада. 848 адамның жағдайы ауыр. 207 пациент хәл үстінде жатыр. 126 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тамыздың соңынан бері науқастардың азаюына байланысты Қазақстанда 57 ковид стационары жабылған.

6,5 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 1 млн адам екінші дозасын күтіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG