Accessibility links

Ауғанстанда әйелдер мен қыздарға Кабул университетіне кіруге тыйым салынды


Кабул университетінің бұрынғы ректоры Мұхаммад Осман Бабыр студенттер мен оқытушылар алдында сөйлеп тұр. 22 қыркүйек 2021 жыл.
Кабул университетінің бұрынғы ректоры Мұхаммад Осман Бабыр студенттер мен оқытушылар алдында сөйлеп тұр. 22 қыркүйек 2021 жыл.

Ауғанстанда әйелдер мен қыздарға Кабул университетіне кіруге тыйым салынды. Университеттің жаңа басшысы Әшраф Ғайраттың айтуынша, "шынайы ислам ортасы" қалыптасқанша тыйым күшінде болады.

Жуырда "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) орта мектептердің жұмысын қалпына келтіріп, оған тек ер балалар мен ер мұғалімдерге баруға рұқсат берген.

Ауғанстан қыздарға білім мекемелеріне баруға тыйым салған әлемдегі жалғыз мемлекет. 1990 жылдары Ауғанстанды тәліптер басқарған кезде елде әйелдердің жоғары білім алуына тыйым салынды.

"Неміс толқыны" сайтының жазуынша, бірнеше күн бұрын Кабул университетінің ректоры, ғылым докторы Мұхаммад Осман Бабырды бакалавр деңгейіндегі білімі бар Әшраф Ғайрат алмастырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG