Accessibility links

Түркістан облысында "төңкеріске шақырған діни ағым өкілдеріне" айыппұл салынды


Түркістан облысында "төңкеріске шақырған діни ағым өкілдеріне" айыппұл салынды. Бұл жөнінде 8 қазанда облыстық полиция департаменті мәліметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Полиция хабарламасында интернетке мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің "Вконтакте" және Телеграм желілерінде "діни мазмұндағы тыйым салынған контентті" анықтағаны жазылған. Шұғыл-іздестіру шарасы кезінде жазба авторлары анықталған. Әлеуметтік желі парақшаларына аудиожазба жүктеген Жетісай ауданында тұратын екі адам болып шыққан. Хабарламада олардың "деструктивті діни ағым өкілі" екені көрсетілген. Бірақ қандай ұйым екені айтылмаған.

"Сараптамаға сәйкес, аудиожазбалар мен лекциялардағы дерек конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге насихаттайды. сонымен бірге ел тұтастығына және мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге үндейді" делінген жұма күні тараған хабарламада.

Жиналған материалдарды құқық қорғау органдары сотқа жолдаған. Оларға Әкімшілік кодекстің 453-бабы ("Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату") бойынша айып тағылып, әрқайсысына 58 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG