Accessibility links

Gulagu.net түрмедегі азаптау видеоархивін жазып алған адамның сұхбатын жариялады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейлік Gulagu.net құқық қорғау жобасының негізін қалаушы Владимир Осечкин өзіне Ресей түрмелеріндегі азаптау мен зорлық-зомбылық фактілері бейнеленген құқық органдарының құпия видеоархивін берген беларусь программисімен сұхбаттың аудиосын жария етті. Бұл туралы "Медуза" сайты (Ресейде "шетел агенті" деп танылған) хабарлады.

Осечкиннің сөзінше, Беларусь азаматы 2015 жылы Ресейде есірткі тасымалдау (өзі тасымалмен айналыспағанын айтады) бабымен сотталған. Ол Саратов облысында жазасын өтеп, сол жердегі Жазаны атқару федералдық қызметіне (ФСИН) қарасты облыстық № 1 аурухананың бақылау камерасы администраторы болған. Gulagu.net жария еткен азаптаулардың басым көпшілігі видеоға сол жерде жазылған. Түрмеден босап шыққан соң ол Еуропа одағынан саяси баспана сұраған. Осечкинмен сұхбатта ол Ресейдегі сотталушылардың қандай зұлымдық пен зорлықтан азап шегіп жатқанын көпшілікке жария етуді ұйғарғанын айтады. Ол сондай-ақ азаптауларды көзімен көргенін, бірақ оған қатыспағанын айтты.

Биыл 4 қазанда Gulagu.net құқық қорғау жобасы өкілдері Ресейден "заң органдарының құпия видеоархивін" жария еткен. Онда түрмедегі азаптау мен зорлық-зомбылық бейнеленген. Владимир Осечкин құқық қорғаушылар қолында видео, құжат, суреттерден тұратын 40 гигабайт архив материалы барын айтқан.

"Ол материалдар Ресей түрмелерінде ФСБ (федералдық қауіпсіздік комитеті) мен ФСИН-нің жасырын агенттері барын, олардың куратор тапсырмасы бойынша қамалған адамдарды азаптап, зорлайтынын көрсетеді"дейді Осечкин.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG