АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі жөніндегі комиссиясы 13 қазанда Өзбекстан туралы есебін жариялады.
Құжатта өзбек түрмелерінде 2 мыңнан астам адам діни көзқарасы үшін отырғаны айтылған. Солардың 81-нің кімдер екені анықталған.
Есеп авторы Стив Свердловтың айтуынша, 81 тұтқынның дені азапталған немесе қамауда қорлық көрген.
"Өзбекстандағы діни және саяси тұтқындар" деп аталатын есепте осы уақытқа дейін бұл елдегі діни көзқарасы үшін сотталғандар саны белгісіз болып келгені айтылған.
Өзбекстан үкіметі мұндай тұтқындардың қанша, олардың кімдер екенін ешқашан хабарлаған емес.
Сонымен бірге, өзбек билігі түрмелерде діни немесе саяси тұтқын бар дегенді жоққа шығарып отыр. Үкіметтің бұл мәселеге қатысты ұстанымы билікке Шавкат Мирзияев келгеннен кейін де өзгерген жоқ.
ПІКІРЛЕР