Accessibility links

Нұр-Сұлтанда полиция "Демпартия" белсенділерін ұстап әкетті


Нұр-Сұлтандағы Ұлттық банк ғимаратының алдында наразылық білдірген "Демпартия" белсенділері. 15 қазан 2021 жыл.
Нұр-Сұлтандағы Ұлттық банк ғимаратының алдында наразылық білдірген "Демпартия" белсенділері. 15 қазан 2021 жыл.

15 қазанда түстен кейін полиция Ұлттық банк алдында наразылық білдірген "Демпартияның" бірнеше белсендісін ұстап әкетті. Бұл жөнінде құқық қорғаушы, партия белсендісі Инга Иманбай хабарлады.

– Үшеуін ұстап әкетіпті. Ал қалған төрт адаммен енді байланысып жатырмын. Қазір телефондары өшіп тұр. Маған жазып үлгерді. Бір аудио жіберді. Онда ар жағында шу болып жатқаны естіледі. Телефондарын тартып алған сияқты, – деді Инга Иманбай Азаттық тілшісіне.

Белсенділердің бірі Азаттық тілшісіне хабарласып, өздерінің автозакта екенін, қай жаққа апара жатқанын да білмейтінін жеткізді.

Полиция әзірге жауап бермеді.

15 қазанда күндіз "Демпартия" белсенділері несие амнистиясын талап етіп, Нұр-Сұлтанда Ұлттық банк ғимаратына барған. Олар банк басшысы Ерболат Досаевтың шығуын талап еткенмен банк өкілдері оның кездесуде екенін айтқан. Белсенділер банк төрағасы шықпайынша сол жерден кетпейтінін айтып, кейбірі мекеменің орталық есігі алдындағы баспалдаққа жатып алған.

"Кредитке шомылып, аяғымыз көбіктеніп кетті". "Демпартия" белсенділері ұлттық банкке барды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

"Демпартия" белсенділерінің Алматыдан астанаға келгеніне бірнеше күн болды. Олар билікке бес түрлі талап қойған. Атап айтқанда:

  • коллекторлық компанияларда тіркелген проблемалық несиелерді кешіру;
  • жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы жөнінде заң қабылдау;
  • белсенділер жинаған 100 мың өтінішті қарап, мәселелерін шешу;
  • өкілетін асыра пайдаланған коллекторлық компаниялар мен сот орындаушыларын жауапқа тартуды қарастыратын заң қабылдау;
  • шағын несиелік компаниялардың пайыз санауы, өсімпұл қосуын мемлекеттің реттеп, қадағалауы.

Тіркелмеген партия өкілдері осы аптада бірінші рет Ұлттық банк алдына 12 қазанда барған. Кейін сол үшін бірнеше әйелге "Ұсақ бұзақылық" бойынша айып тағылып, айыппұл салынды. Аружан Дүйсебаева (бес күн) мен Әйгерім Тілеужан (екі күн, 14 қазанда босап шыққан) қамалған.

"Демпартия" несиеге амнистия талап етіп, Ұлттық банкке барды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG