Accessibility links

Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының босқын куәліктерінің мерзімі ұзартылды


Қазақстанға шекарадан жасырын өтіп қашып келген Қытай қазақтары Мұрагер Әлімұлы (оң жақта) мен Қастер Мұсаханұлы. Нұр-Сұлтан, 17 қыркүйек 2021 жыл.
Қазақстанға шекарадан жасырын өтіп қашып келген Қытай қазақтары Мұрагер Әлімұлы (оң жақта) мен Қастер Мұсаханұлы. Нұр-Сұлтан, 17 қыркүйек 2021 жыл.

Қытайдың Шыңжаң өлкесінен қашып келген Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының босқын куәлігі бір жылға ұзартылды. Бұл екі азаматтың былтыр күзде алған босқын куәліктерінің мерзімі 2022 жылдың 14 қазанына дейін ұзарды. Бұл жөнінде "Нағыз Атажұрт еріктілері" Twitter'дегі парақшасында хабарлады.

Құжаттағы ақпаратқа қарағанда, оларға жаңа куәлік 14 қазанда берілген.

2017-2019 жылдар аралығында Қазақстанға Қытайдан қашып келген алты қазақтың төртеуі былтыр босқын мәртебесін алған. Қайша Ақан, Қастер Мұсаханұлы және Мұрагер Әлімұлынан бөлек Бағашар Мәлікұлына да бір жылға босқын мәртебесі берілген. Алматы облысы Панфилов ауылында тұратын Тілек Тәбәрікұлына босқын мәртебесі берілмеген. Ал тағы бір Шыңжаң қазағы – Сайрагүл Сауытбай Қазақстан оған босқын мәртебесін беруден бас тартқан соң 2019 жылы маусымда отбасымен бірге Швецияға қоныс аударды.

2019 жылы қазан айында Қытайдағы қысымнан қорқып, Қазақстанға қашып келген Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы босқын мәртебесін алмай тұрып, "қытай-қазақ шекарасын қасақана түрде бұзғаны үшін" елде бір жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар сегіз айдан кейін түрмеден шықты.

Қайша Ақан мен Бағашар Мәлікұлының босқын куәліктері ұзартыла ма, жоқ па, белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG