Accessibility links

"Ислам мемлекеті" Кандагар мешітіндегі жарылысты мойнына алды


Кандагар мешітіндегі жарылыстан кейін мешіттің бұзылған жерлерін қарап жүрген ауған азаматтары. 15 қазан 2021 жыл.

"Хорасандағы Ислам мемлекеті" тобы Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагар мешітіндегі жарылысты мойнына алды.

Жихадтық ұйымның хабарлауынша, көп адам жиналатын шииттер мешітінде жұма намазы оқылып жатқан кезде екі содыр жан жақтан шабуыл жасаған. Ұйымның телеграм арнасында жарияланған хабарламасына сәйкес, бірінші содыр жарылғыш затты мешіт дәлізінде іске қосқан, екіншісі мешіт ортасында өзін жарған.

Кандагардағы барлау қызметінің жетекшісі Азаттыққа оқиғаның салдарынан кемінде 36 адам қаза болғанын, 70 адам жараланғанын айтты.

Бір апта бұрын елдің солтүстігінде Құндыз қаласындағы шииттер мешітінде жарылыс болып, ондаған адам қаза болған. Шабуылды "Хорасандағы Ислам мемлекеті" ұйымы мойнына алған. "Талибан" билігіндегі сунниттерге қарсылық көрсеткен "Хорасандағы ислам мемлекеті" тобы шииттерді "түзу жолдан адасқандар" деп санайды.

"Талибан" басшылығы "Ислам мемлекеті" тобының қаупін азайтып көрсетеді. Алайда жиһадтық топтың бірнеше шабуылы "Талибанның" Ауғанстанға бейбітшілік әкелдік деген мәлімдемесіне селкеу түсіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG