Accessibility links

Тәжік құқық қорғаушысы Иззат Амон 9 жылға бас бостандығынан айырылды


Құқық қорғаушы Иззат Амон.
Құқық қорғаушы Иззат Амон.

Биыл жаз кезінде Ресейден Тәжікстанға депортацияланған белгілі тәжік құқық қорғаушысы Иззат Амон тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның адвокаты Саидбурхон Шарипов Душанбе қалалық соттың бұл шешімін "заңсыз" деп есептейтінін жеткізді.

"Алаяқтық" бабы рақымшылық туралы заңға енгізілгендіктен, оған кешірім беріледі деп күткен едік. Соттың бұл шешіміне таңғалып отырмыз. Сондықтан апелляцияға береміз. Бұл үкім заңсыз, ешқандай заңға және нормативтік актілерге сәйкес келмейді", - деді ол.

"Ірі көлемде алаяқтық жасау" бабы бойынша кінәлі деп танылған құқық қорғаушының жақындары да үкімді әділетсіз деп есептейді. Олардың айтуынша, туыстары жәбірленушілерге қылмыс материалында көрсетілген ақшаның бәрін төлеп берген.

Тәжікстанның бас прокуратурасы соттан айыпталушыға тоғыз жыл сұраған.

Мәскеудегі тәжік орталығының жетекшісі Иззат Амон Ресей азаматтығы жойылып, 25 наурызда Тәжікстанға депортацияланғаннан кейін ұсталған. Ресми мәліметке қарағанда, құқық қорғаушыға алданып қалдық деп бірнеше адамның арызынан кейін ұсталған.

Иззат Амонның жақтастары белсенді тәжік билігін ашық сынап келгеннен кейін қамалды дейді. Ресейде мигранттарға заңдық көмек беріп келген құқық қорғаушы әлеуметтік желілерде тәжік билігін ашық сынап келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG