Accessibility links

Татарстанда прокурор экстремизм бойынша айыпталған ғалымды ұзақ жылға соттауды сұрады


Татарстан соты.
Татарстан соты.

Ресей құрамындағы Татарстанда мемлекеттік айыптаушы тыйым салынған діни ұйымның тармағын құрды деп айыпталған исламтанушы ғалым Ғабдырахман Наумовқа 8 жыл 5 ай түрме жазасын сұрады. Наумовтың адвокаты Руслан Нагиевтің айтуынша, 19 қазанда Қазан сотында жарыссөз өткен. Ғалым өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.

Қазан мешітінің бұрынғы имамы Наумов Татарстандағы Ресей ислам университетінде дәріс оқиды. Ол былтыр наурыз айында "Нурджулар" атты исламның сунниттік бағытын насихаттайтын түрік діни бірлестігінің тармағын құрды деген күдікке ілініп, қамалған.

Адвокаттың айтуынша, Татарстанның қауіпсіздік органдары Наумовты сот басталмай тұрып былтыр эстремистер тізіміне енгізген.

Реесйде 2013 жылдан бері "Нурджулар" ұйымына мүше деген күдікпен бірнеше адам ұсталған. Аталған ұйымның негізін 1960 жылы 82 жасында қайтыс болған ислам маманы Саид Нурси қалаған.

Әлем бойынша миллиондаған ізбасары бар ұйымға Ресейде 2008 жылдан бастап тыйым салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG