Accessibility links

Өзбекстанның қайтыс болған мүфтиі әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді


Усмонхон Алимов.

Үш ай бұрын қайтыс болған Өзбекстанның бұрынғы мүфтиі Усмонхон Алимов 2021 жылдың "әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне" енді.

Омандағы Стратегиялық зерттеулер ислам орталығы 2009 жылдан бері жариялап келе жатқан тізімге Алимов осыған дейін 11 рет кірген.

Өзбекстанның Мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі болған Усмонхон Алимов 15 тамызда Мәскеуде COVID-19 вирусынан қайтыс болған. 19 қазанда оның орнына 53 жастағы Нуриддин Холикназаров муфти болып сайланған.

Биыл әлемдегі ең ықпалды мұсылман деп Катардың әмірі Тамим бин Хамад әл Тани табылды. Екінші орында Сауд Арабиясының ханзадасы Салман бен Әбдел Әзіз болса, үшінші орында Иранның жоғарғы лидері аятолла Әли Хаменеи жайғасқан. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Иордания ханзадасы Абдолла II де бұл тізімнің алдыңғы қатарында.

Бұдан бөлек аталған тізімде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев және Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров та бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG