Accessibility links

Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысып қалды


Алматы әуежайы.
Алматы әуежайы.

22 қазанда таңертең Алматы халықаралық әуежайында Бакудан ұшып келген FlyJet компаниясының ұшағы көлікпен соқтығысып қалды. Бұл жөнінде "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.

Оқиға жұма күні таңертеңгі сағат 7-де болған. Халықаралық әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ пен әуежайға қызмет көрсететін көліктердің бірі автомобиль мен ұшақ жолдарының түйіскен тұсында соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның жай-жапсары зерттеліп жатыр.

Полиция оқиғаға байланысты "әуе көлігінің жүрісі мен оны пайдалану қауіпсіздігі ережесін бұзу" бабы (344-бап, 1-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG