Accessibility links

Венгрия коммунистерге қарсы көтерілістің 65 жылдығын атап өтті


Венгрия көтерілісінің 65 жылдығына орай өткен жиын. Будапешт, 23 қазан 2021 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті сенбі, 23 қазан күні Венгрия антикоммунистік революциясының 65 жылдығы жөнінде мәлімдеме жасады. Ресми дерек бойынша, 1956 жылы қазанның соңынан 31 желтоқсанға дейін ұласқан көтеріліс пен қарулы қақтығыс кезінде 2652 көтерілісші, 348 бейбіт тұрғын қаз тапқан, 19 226 адам жарақаттанған.

"Біз Будапешт көшелерінде және тұтас елде еркіндігі үшін күрескен батыл ерлер мен әйелдерді еске алып отырмыз. Олардың еркіндікке деген ұмтылысы 1989 жылы нәтиже беріп, Венгрия демократиялық ел атанды" делінген мемлекеттік департамент мәлімдемесінде.

Будапешт көтеріліс күндері. 1956 жыл.
Будапешт көтеріліс күндері. 1956 жыл.

Вашингтон осы күнді АҚШ-тың "НАТО-дағы әріптесімен бірге" атап өтетінін айтады.

2021 жылы АҚШ пен Венгрия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 100 жыл толып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG