Адам құқығын қорғаушылар Ресейде кем дегенде 420 адамды саяси тұтқынға жатқызды. Саяси тұтқындар бес жылда бес есе көбейген. Бұл туралы "Медуза" сайты "Мемориал" орталығының дерегіне сүйене отырып хабарлады.
"Мемориал" тізіміндегі 420 адамның 360-ы діни мотивпен қудалауға ұшыраған. Олардың дені мұсылман. Оларға Ресейде тыйым салынған ұйымдарға қатысы бар деген айып тағылған.
Ресейде діни себеппен қудалау көбейген.
"Мемориал" орталығы былтыр қарашада Ресейде саяси белсенділерді қудалау күшейгенін, соның салдарынан оппозиционер Алексей Навальный мен оның көптеген жақтасы тұтқындалғанын хабарлады.
Ресейде саяси тұтқындар бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін, дейді ұйым өкілі Сергей Давидис.
"Медуза" сайты Ресейде "шетел агенті" деп танылған. Бұған келіспеген басылым сотқа шағымданғысы келеді. "Мемориал" адам құқықтарын қорғау орталығы да "шетел агенті" тізімінде бар. Ұйым мұндай шешіммен келіспейді.
ПІКІРЛЕР