Accessibility links

Ресейде тағы бірнеше БАҚ және ұйым қызметкері "шетел агенті" қатарына енгізілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей әділет министрлігі "ОВД-Инфо" құқық қорғау жобасын "шетел агенті" ретінде танылған тіркелмеген қоғамдық ұйымдар қатарына қосты.

Ведомствоның тұжырымдауынша, "ОВД-Инфо" сайтын "Мемориал" құқық қорғау орталығы, Еуропа комиссиясы және Адам құқығы жөніндегі халықаралық федерация қаржыландырған.

"Шетел агенті" ретінде танылған ақпарат құралдарының қатарына сонымен бірге "Медиазона" құрылтайшысы "ЗП" жауапкершілігі шектеулі қауымдастығы, басылымның бас редакторы Сергей Смирнов пен баспашы Петр Верзилов, "Зона права" сайты енгізілді.

Тізімге сонымен бірге "Нижегородский центр немецкой и европейской культуры" және "Центр гендерных исследований" коммерциялық емес ұйымдары қосылған.

"Шетел агенті" реестріне "Голос" қозғалысының 20 мүшесі енген. Бұл ұйым сайлаудың әділ өтуін қадағалайтын Ресей азаматтарынан құралған бірлестік. 2000 жылы негізі қаланған "Голос" қауымдастығы алғаш рет 2013 жылы "шетел агенті" қатарына енгізілген. 2016 жылы сот шешімі жойылып, тіркелмеген ұйым ретінде жұмысын жалғастырды. Биыл сайлауға бір ай қалған кезде "Голос" "шетел агенті" қатарына қайта енгізілген.

Ресейде қазір 20-дан астам журналист пен 20-ға жуық БАҚ "шетел агенті" ретінде танылған. Кейінгі жарты жылда "шетел агенті" ретінде танылған БАҚ-тың қатарына "Важные истории", The Insider, VTimes.io, "Медуза", "Первое антикоррупционное СМИ", "Дождь" телеарнасы енген. "Проект" жобасы "жұмыс істемегені дұрыс" ұйым ретінде танылған. Тамыз басынан бері билік "Открытые медиа" және "МБХ медиа" сайттарын жапты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG