Accessibility links

Нұр-Сұлтан әуежайы жанармай тапшылығы мәселесі шешілгенін хабарлады


Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай.
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай.

Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы жанармай тапшылығы мәселесі шешілгенін хабарлады. Бұл жөнінде әуежайдың баспасөз қызметіне сүйенген Informburo сайты жазды. Бұған дейін әуежай авиаотын жетіспегендіктен нысанның үздіксіз жұмыс істей алатындығына күмән келтіріп, "дабыл қаққан".

"Астанадағы әуежай Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Энергетика министрліктерімен біріге отырып, авиаотынды тасымалдау мәселесін шешіп жатыр. Жағдай ушықпас үшін алдын ала амалдар жасалды. Әуежай тұрақты жолаушылар және жүк рейстерін үздіксіз жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр. Павлодар мұнай өңдеу зауыты 9 қарашада қайта іске қосылғанға дейін мемлекеттік органдармен біріге отырып, авиаотын тасымалдау кестесі жасалды" деді әуежай өкілдері.

Олардың хабарлауынша, 28 қазанда "3800 тонна авиаотын жеткізу бойынша келісімге қол қойылып, ақшасы төленген". Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының қоймасында 921 тонна отын болған. Бейсенбі күні 200-ден астам тонна жанармай әкелінген.

28 қазанда таңертең Энергетика министрлігі Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін әуежайлар мен әуе компанияларға осыған дейін ескерткенін хабарлаған. Артынша Павлодар мұнай-химия зауытының жөндеу жұмыстарын мерзімінен ерте аяқтап, 1 қарашадан бастап өндіріс линиясын іске қосатыны хабарланды.

Осыған дейін авиаотын тапшылығы мәселесіне Scat әуе компаниясы да шағымданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG