Accessibility links

Минск Nexta, Nexta Live және Luxta телеграм-арналарын "экстремистік құрылымдар" тізіміне енгізді


Беларусь ішкі істер министрлігі оппозициялық Nexta, Nexta-Live және Luxta телеграм-арналарын "экстремистік құрылымдар" тізіміне енгізді.

"ІІМ Nexta, Nexta-Live және Luxta телеграм-арналары арқылы экстремистік әрекетпен айналысатын азаматтар тобын экстремистік топ деп танып, қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылдады" деді ведомство өкілдері.

Осыған дейін аталған арналар "экстремистік мазмұндағы ақпарат тарататын" интернет-ресурс деп танылған. Енді олар "экстремистік құрылымдарға" айналды.

13 қазанда Беларусь ІІМ "экстремистік" телеграм-арналар мен чаттарға жазылғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын да мәлімдеді.

Кейін ведомство жетекшісі "экстремистік құрылым" деп танылған телеграм-арна оқырмандары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін, ал "экстремистік мазмұндағы материал" таратты деп танылған арналарға жазылушылардың жазаланбайтынын айтты.

Nexta, Nexta-Live және Luxta телеграм арналарының шамамен 1,5 млн оқырманы бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG