Accessibility links

Ресейде әрбір бесінші адам азаптау тәсілін қолдануға болады деп санайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде әрбір бесінші адам тұтқындарды азаптауға болады деп санайды. "Левада-центр" орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі соны көрсеткен. Респонденттердің 11 пайызы кінәсіз адамдардың өмірін құтқару мақсатында адамды азаптауға болады деп айтқан. Тоғыз пайызы ауыр қылмысы үшін сотталғандарға азаптау әдісін қолдануға болады деп есептейді.

Ресей билігі "шетел агенті" ретінде таныған "Левада" орталығының сауалнамасы Ресей түрмелеріндегі азаптау жайлы жаңа ақпараттар шыққан кезде жүргізіліп отыр. Қазан айының басында Gulagu.net құқық қорғау орталығы ФСИН туберкулез ауруханаларында емделген және Белгород пен Камчатка түрмелерінде қамауда болған тұтқындарды азаптаған видеолар жариялады. Сұралғандардың 66 пайызы қандай жағдай болмасын, азаптауға болмайды деген пікір айтқан.

Екі жыл ішінде азаптауды айыптайтын азаматтар саны көбейген. 2019 жылы "Левада" орталығының сауалнамасы респонденттердің 60 пайызы азаптауға түбегейлі қарсы екенін көрсетсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 57 пайыз болған.

Ол кезде әрбір оныншы адам құқық қорғау орган өкілдерінің азаптауына кезіккенін айтқан. 40 пайызға жуығы қорлауды тыю қылмыстың ашылуына кедергі келтіруі мүмкін деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG