Accessibility links

Өзбекстанда Effect.uz сайтының бұрынғы журналисі үш жылға бас бостандығынан айырылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

3 қарашада Қашқадария облысының соты Effect.uz сайтының бұрынғы журналисі Елербек Тәжібаевқа, тілшілер Ақбар Нұрымбетов пен Хамиджон Ахмедовке, сонымен бірге жеке кәсіпкер Гүзәл Худоероваға үкім шығарды.

Өзбекстан Жоғарғы сотының хабарлауынша, сот Тәжібаевты үш жылға бас бостандығынан айырып, қоныстандыру колониясына жіберген. Нұрымбетовтің еркіндігі 3 жылға, Ахмедовтің еркіндігі 2 жыл алты айға шектелді.

Журналистер жала жапты, билік өкілін балағаттады, оларға қарсылық көрсетті деп айыпталған.

Биыл қаңтар айында Effect.uz сайты Термез аудандық сотында түсірілген екі видео жариялады. Сот залында журналистер мен сот төрағасы Одил Бегимкулов жанжалдасқан.

Судья журналистерге кеңсесіне рұқсатсыз кіруге болмайтынын айтып ескерткен.

Осы оқиғадан соң Судьялар кеңесі мәлімдеме таратып, Effest.uz журналистерін заңға қайшы әрекеті үшін айыптады.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының жыл сайынғы рейтингінде Өзбекстан биыл бір саты төмендеген. Ұйым баяндамасында Өзбекстан 180 елдің ішінде 157-орын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG