Назарбаева жауабы және электр тапшылығы
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Ресей министрінің "Қазақстанда орыстілділерге қатысты ксенофобия көзқарасы байқалды" дегеніне орай қойылған сұраққа жауап бермеді; Қазақстанның әр өңірінде электр жарығы сөніп қалып жатқаны туралы арыз-шағым көбейді. Сарапшылар оған майнерлер кінәлі дейді; Беларусь шекарасынан Еуропаға қарай мигранттар ағылып жатыр. Батыс "мұның артында Кремль тұр" деп есептейді.