Accessibility links

Құқық қорғаушылар Азат Исаковтың Түркіменстанға "заңсыз экстрадицияланғанын" сынады


Түркімен белсендісі Азат Исаков.
Түркімен белсендісі Азат Исаков.

"Мемориал" және "Түркімен Хельсинки қоры" түркімен оппозиционері Азат Исаков заңсыз түрде Түркіменстанға экстрадицияланған деп есептейді.

Осыған дейін Ресей ІІМ ол "өз еркімен отанына ұшып кетті" деп мәлімдеген. Құқық қорғаушылардың мәлімдемесіне қарағанда, ол құжатын жоғалтқан және тұрақты рейс жүрмейтіндіктен оның өзі Ашғабатқа ұшып кетуі мүмкін емес.

Ресейде тұрып келген оппозициялық белсенді Азат Исаков 20 қазанда Мәскеу түбінде жоғалып кеткен.

2 қарашада "Түркіменстан хроникасы" басылымы "Түркіменстан, біргеміз" атты оппозициялық топтың лидері Чемен Ореге сілтеме жасап, белсендінің ешкіммен байланысқа шықпай жатқанын хабарлаған.

Ақпаратқа қарағанда, Исаков соңғы рет Чемен Оремен байланысып, "Полиция келді, Мен жасырынып қалдым. Тапса, алып кетеді" деген СМС жөнелткен. Ол содан кейін телефон қоңырауына жауап бермеген.

Соңғы айларда шетелде тұрып жатқан түркімен белсенділері мен оппозиция мүшелеріне қарсы қысым күшейіп жатыр. Олардың көбі қамалып, Түркіменстанға депортациялануы мүмкін деген қауіп бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG