Accessibility links

Министрлік: Вакцина алғандар арасында – 930, екпе салдырмағандар арасында 13 165 адам қайтыс болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны басталғалы бері, ақпан мен қазан аралығында екпе салдырғандар арасында 930 адам қайтыс болған.

— 73-і вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Екпе алмағандар арасында 13 165 адам өлімі тіркелді. Вакцина алмағандар арасында өлім көрсеткіші екпе алғандарға қарағанда 16 есе көп, — деді Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министрліктің мәліметінше, вакцина түрлері бойынша адам өлімі көрсеткіші төмендегідей:

CoronaVac — 47 адам қайтыс болған;

Спутник V — 681;

Hayat-Vax — 75;

Verocell — 2;

Verocell Sinopharm — 33;

Sinopharm Sars Cov 2 — 36;

Qazvac — 27.

Бұл жалпы коронавирустан қайтыс болғандардың шамамен жеті пайызын құрайды.

Ведомство жетекшісінің айтуынша, Қазақстанда коронавируспен байланысты адам өлімі ахуалы өзге елдердікіне ұқсас.

Вакцина алғандар арасында 40 734 коронавирусқа шалдыққан. 10 082-іне бірінші дозасын құйғанда вирус жұққан, 30 652 адам екінші дозасын алғанда Covid'ке шалдыққан.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жетекшісі Айжан Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, екпе салдырғандар арасында коронавирусқа шалдыққандардың үлес салмағы – 0,4 пайыз.

Вакцина түрлері бойынша коронавирусқа шалдыққандар көрсеткіші төмендегідей:

Спутник V — 25 850 адам коронавирусқа шалдыққан (жалпы вакцина алғандардың 0,4 пайызын құрайды);

Qazvac — 650 (0,1 пайыз);

Sinofarm SarsCov2 — 3 285 (0,2 пайыз);

CoronaVac — 838 (0,3 пайыз).

Коронавирусқа шалдыққандардың 96 пайызы – вакцина алмаған. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 7,7 млн адамға коронавирусқа қарсы екпенің толық дозасы салынған.

Қазір 18 бен 65 жас аралығындағы адамдарға ресейлік "Спутник V" (қазір оны Қарағандыда өндіреді), қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax пен Қытайда өндірілген Vero Cell екпесі, сонымен бірге тағы бір қытайлық Sinovac компаниясының CoronaVac екпесі салынып жатыр.

12 қарашадан бастап Қазақстанның ірі қалаларында 12-17 жастағы жасөспірімдерге батыс компаниялары әзірлеген Pfizer екпесі салына бастады.

Видео: Елде балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасы егіліп жатыр (12 қараша 2021 жыл).

Елде балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасы егіліп жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG