Accessibility links

Украина вакцина салдырған азаматтарына ақша беретін болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украина президенті Владимир Зеленский коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын салғандарға қаржылай сыйақы берілетінін хабарлады.

"Вакцинаның толық дозасын алған кез келген адамның 1000 гривен (37 доллар немесе 16,3 мың теңге) алуға мүмкіндігі бар" деді Зеленский 15 қараша күнгі видеомәлімдемесінде.

Еуропадағы ең кедей елдердің бірі саналатын, жан басына шаққанда табыс көлемі 3700 долларды құрайтын Украина азаматтары үшін аталған сыйақы едәуір қаражат.

Үкімет 19 желтоқсаннан бастап күшіне енетін жоспарға $225 млн доллар жұмсамақ.

Қазір Украинада пандемия қайта өршіген. Билік ел астанасы Киевпен бірге өзге де қалаларда шектеу шараларын енгізген. Денсаулық сақтау мамандары вирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандардың көбеюіне вакциналау науқанының баяу жүруі себеп деп санайды.

44 млн тұрғыны бар Украинада халықтың тек 28 пайызы ғана коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG