Accessibility links

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам опат болды


Газ баллоны жарылғаннан кейін өртенген үйді сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер. Ақмола облысы, 17 қараша 2021 жыл.
Газ баллоны жарылғаннан кейін өртенген үйді сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер. Ақмола облысы, 17 қараша 2021 жыл.

16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кентінде тұрғын үйде газ баллоны жарылып, оқиға орнында үш адамның мәйіті табылды. Он адам жараланған. Бұл жөнінде Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барақ үлгісіндегі үйден өрт шығып, шатырын толықтай жалын шарпыған. Өрттің аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 22:35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді" делінген хабарламада.

Ақпаратқа қарағанда, өрт сөндіруге ондаған қызметкер мен бірнеше техника жұмылдырылған. Оқиғаның себебін Ақмола облыстық тергеу-жедел тобы және зертхана мамандары анықтап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG