Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда апиын өндірісі 8 пайызға ұлғайды


Апиын алқаптарын шауып жатқан ресми қызметкерлер. Ауғанстан, тамыз айы, 2021 жыл.
Апиын алқаптарын шауып жатқан ресми қызметкерлер. Ауғанстан, тамыз айы, 2021 жыл.

Ауғанстанда заңсыз апиын өндірісі былтырмен салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды. Әлемдегі есірткі тұтынушылардың 80 пайызын Ауғанстан апиынмен қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның Есірткі және қылмыспен күрес агенттігінің (UNODC) Ауғанстандағы есірткі өндірісі ахуалына арналған жаңа есебінде осындай мәлімет көрсетілген.

Есепке қарағанда, биыл Ауғанстанда 6,8 мың тонна апиын өсірілген. Ауған апиыншылары соның есебінен $1.8-$2.7 млрд көлемінде пайда көрген.

Алайда "Ауғанстаннан тыс аумақта заңсыз есірткі тасымал тізбегінен одан да көп ақша түседі" дейді есеп авторлары.

Ауғанстан экономикасының шамамен 10 пайызы апиын саудасынан түскен кірістен құралған. Тамыз айында апиын құны мамырмен салыстырғанда екі есеге қымбаттаған. Сарапшылар бағаның өсуін "Талибан" билікті басып алғаннан кейін туындаған саяси тығырықпен байланыстырады.

Ауған ақпарат құралдары Кандагар провинциясының оңтүстігінде апиын өсіруге көшкен фермер жөнінде жазды. Фермер тілшілерге басқа дақыл егуге жағдай болмағандықтан апиын өсіруге амалсыз көшкенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG