Accessibility links

Мәскеу мэрі құрылыстағы мигранттарды "басқа сападағы адамдармен" алмастыруды тапсырды


Мәскеу мэрі Сергей Собянин құрылыс жобасының ашылуы кезінде.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин құрылыстағы шетел жұмысшыларын "басқа сападағы адамдар" реновация бағдарламасы бойынша алмастыруды тапсырды.

"Москва" агенттігі хабарлағандай, ол мигранттардың орнына Ресейдің аймақтарынан адамдарды тартуды ұсынған. Бірақ статистика бойынша Ресейде жұмыс күші жеткіліксіз.

"Басқа еңбекақымен, басқа сападағы адамдар керек. Мигранттар бізде онсыз да көп", - дейді Собянин.

Мәскеу мэрі бұл туралы 17 қарашада қала орталығындағы жаңа көп қабатты үйлердің құрылысымен танысып жүрген кезде айтқан.

Құрылыс компаниясының жетекшісі кәсіби жұмысшылар бұл нысанда 120-150 мың рубль айлық алатынын жеткізді. Оған Собянин "бұл айлық мигранттар үшін емес, мәскеуліктер үшін" деп жауап қайтарды.

1 қарашада қала салу саясаты және құрылыс мәселелері бойынша вице-мэр Андрей Бочкарев Мәскеу әкімдігі құрылыста істейтін шетелдік жұмысшылардан бас тартуды жоспарлап жатқанын айтқан.

Қыркүйекте Мәскеу билігі қалада 200 мыңға тарта жұмыс күші жетіспейтінін алға тартқан. Оған дейін Сергей Собянин еңбек мигранттарының кетуі инфляцияның өсуіне әсер етіп жатқанын жеткізген. Ол былтыр коронавирус шектеулеріне байланысты құрылыстың көбі тоқтап қалғанын да еске салған.

Тамыз айында Ресейде құрылыс саласына 3 млн жұмысшы жетіспейтіні хабарланған еді. "Известия" басылымы Ресейде құрылыс орындары жұмыс күшін тарту бойынша бір-бірімен ғана емес, Өзбекстан мен Қазақстандағы құрылыс нысандарымен де бәсекелеседі деп жазған. Осыған дейін үкімет құрылыс жұмыстарына тұтқындарды тартуды ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG