Accessibility links

Түркімен соты 20 кәсіпкерге интернет қолдануға тыйым салды


Түркіменстан соты VPN қолданды деп айыпталған 20 кәсіпкерге 2025 жылға дейін интернет қолдануға тыйым салды. Олардың үйлерінде интернет сымы кесілді, смартфондары алынды, оның орнына ескі телефондар берілді. Олар отбасы мүшелерімен интернет қолдану мүмкіндігінен айырылды.

Азаттықтың Түркімен қызметінің дереккөзі хабарлағандай, өлкенің басқа аймақтарында дәл осындай 22 оқиға тіркелген. Ол бұл шараны президент Гурбангулы Бердімұхамедовті сынаған материалдардың таралып кетуіне жол бермеу әрекеті дейді.

Түркіменстанда соңғы күндері әлеуметтік желілерде бақылау күшейіп, интернетке шектеу енгізген. Өлкеде Facebook, Instagram, Twitter бұғатталған. Оларға VPN серверлердің көмегімен ғана кіруге болады. Билік VPN серверлерді қолданғандарды және оны азаматтарға орнатып бергендерді де қудалап жатыр.

Осыған дейін Ашғабатта жоғары оқу орындарының оқытушыларынан әлеуметтік желіге кірмеу жөнінде қолхат алынған.

Тамызда Азаттықтың Түркімен қызметі билік азаматтардан VPN-сервистердің қызметін қолданбау жөнінде Құранға ант беруді талап етіп жатқанын жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG