Accessibility links

Зеленский Ресей арнаулы қызметінің 28 адамына санкция салатын жарлық шығарды


Украина президенті Владимир Зеленский Ресей арнаулы қызметінің 28 адамы және Қырымда адам құқығына нұқсан келтіруге қатысқан тағы да алты адам жөнінде Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімін күшіне енгізетін жарлыққа қол қойды.

Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Қырымның телеарналары, ақпарат агенттіктері мен интернет басылымдарына қоса 12 заңды тұлғаға биыл тамызда санкция салған болатын және Украинаға қарсы ақпарат соғысына қатысқан, гибрид агрессияға араласқан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың бәріне де осыған ұқсас шара қолданылатынын мәлімдеген.

Мәскеу 2014 жылы ақпанда Қырым түбегіне әскер кіргізіп, референдум өткізіп, Қырымды аннексиялаған еді. Украина мен дүниежүзі мемлекеттерінің басым көпшілігі бұл әрекетті айыптаған. 2014 жылдан бері Украинаның шығысында да әскери конфликт жалғасып келеді. Конфликтіден 13 мыңнан аса адам өлді. Киев сепаратистерге әскери қолдау көрсетіп отыр деп Мәскеуді айыптайды, Мәскеу онысын мойындаған емес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG