Accessibility links

Өзбекстанда екпе салдырмаған 26 мыңнан астам адам жұмыстан шеттетілді


Медицина қызметкері ер адамға коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкері ер адамға коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр. Көрнекі сурет.

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған адамдарды жазалай бастады, деп жазды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, 2021 жылдың тамыз айынан бері екпе салдырмаған 26 мыңнан астам адам жұмысынан уақытша шеттетілген.

СЭС қызметкерлері мемлекеттік және жеке ұйымдарда 28 мыңға жуық тексеру жүргізген. Нәтижесінде 50 мың адамның вакцина алмағаны анықталған. 2 225 жағдайда жұмыс беруші айыппұл төлеуге мәжбүр болған. 175 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылған.

Осының алдында Ташкент облысының өзінде вакцина алмаған 3200 адамның жұмыстан шеттетілгені белгілі болған.

Биыл тамызда Өзбекстанда жұмыс берушіге екпеден бас тартқан қызметкерді жұмысқа кіргізбеуге мүмкіндік беретін заң қабылданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG