Accessibility links

"ҚазАвтоЖол" жеті жолдың ақылы болғанын хабарлады


Қазақстанда республикалық маңызы бар күре жолдардағы жеті жол 23 қарашадан бастап ақылы болады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" кәсіпорыны.

Бұлар:

  • Нұр-Сұлтан — Павлодар;
  • Қапшағай — Талдықорған;
  • Тараз — Қайнар;
  • Шымкент — Тараз;
  • Шымкент — Қызылорда;
  • Шымкент — Ташкент;
  • Щучинск — Көкшетау.

Бірінші категориядағы төрт жолақты мұндай жолмен жүру үшін енді ақы төлеу қажет. Осы уақытқа дейін бұл жолдарда ақы төлеу жүйесі сыналған.

"Ақылы жолдармен жүру үшін 1000 теңгеге (2.3 доллар) бір жылға жарайтын абонемент алуға болады. Мұндай абонементті ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтарынан сатып аласыз" делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Билік ақылы жолдардан түскен қаражатты қызмет көрсетуге және автожол желісін дамытуға жұмсауға уәде берді.

  • Жазда жүргізушілер наразылығынан кейін "ҚазАвтожол" бастапқы жоспарынан бас тартып, биыл 18 емес, 5 аймақта ғана жолдың ақылы болатынын хабарлаған.
  • Министрліктің мәліметінше, аталған аумақтарда жүретін көліктер 2013 жылғы тариф бойынша төлейді. (Ақы туралы мәліметті білу үшін мына сілтемені басыңыз).
  • Қазір Қазақстанда 682 шақырым жол ақылы: Нұр-Сұлтан - Щучинск (211 шақырым); Нұр-Сұлтан – Теміртау (42 шақырым); Алматы – Қапшағай (42 шақырым); Алматы – Қорғас (295 шақырым);

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG