Accessibility links

Ресейде жасөспірімдерге арналған "Спутник М" вакцинасы тіркелді


Ресейдің Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Денис Логунов Ресейде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы "Спутник М" вакцинасы тіркелгенін айтты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Жасөспірімдер ата-анасының келісімімен немесе 15 жастан асқан болса, өз рұқсатымен вакцина салғыза алады деді Ресей вице-премьері Татьяна Голикова. Ол "Спутник М" вакцинасы желтоқсан айының соңында жалпы халықққа таралатынын хабарлады. Ресей үкіметі отырысында президент Владимир Путин екі жастан асқан балаларға коронавирус вакцинасын әзірлеу мәселесін де қарап көруді ұсынды.

Мәскеу мэрінің орынбасары Анастасия Ракова клиникалық сынақтың алдын-ала нәтижесі бойынша вакцина қауіпсіз және тиімді деп танылғанын айтты. Ресейдегі ресми орындардың хабарлауынша, зерттеу аясында вакцинаның бірінші компоненті 400 жасөспірімге салынған. 11 қарашада вакцинаны клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды, оған 3 мыңдай адам қатысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG