Accessibility links

Түркістан облысында оқушылар ноутбугына деп бөлінген 2,5 млрд теңге қаражаттың "ұрлануын" тексеріп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркістан облысында адами әлеуетті дамыту басқармасы мен "МТ-Сервис" ЖШС қызметкерлеріне қозғалған қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Олар бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл жөнінде қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ұрланған қаржы коронавирус індеті кезінде қашықтан оқыған мектеп оқушыларына ноутбук сатып алу үшін бөлінген.

"МТ-Сервис" компаниясының директоры Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасымен жалпы құны 3,4 млрд теңгеден асатын 21 мың ноутбукты сатып алу бойынша келісім-шарт жасасқан. 2,5 млрд теңгеден астам қаражатқа сатып алынған тауарлар тапсырыс берушінің техникалық талаптарына сәйкес келмеді" делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі кезде кәсіпорын директоры ұсталып, қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қыркүйек айында дәл осы өңірде білім басқармасының қызметкерлері оқушылар мен студенттерді тамақтандыруға бөлінген 36 млн теңге (қазіргі курс бойынша шамамен 84 мың доллар) қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG