Accessibility links

Қырғызстанда 27 қараша – парламент сайлауы алдындағы "тыныштық күні"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда 27 қараша – парламент сайлауы алдындағы тыныштық күні. Елде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, әлеуметтік зерттеу немесе қоғамдық пікірге негізделген сауалнама нәтижесін жариялауға, сайлауға қатысты болжам жасауға тыйым салынған.

Парламент сайлауы 28 қарашада өтеді. 4-шақырылымдағы Жогорку кеңестің өкілет мерзімі 2020 жылы қазан айында аяқталған. Алайда былтыр қазан айындағы наразылықтан кейін сайлау нәтижесінің жойылуы және биліктің ауысуы бір палаталы парламент депутаттарының өкілет мерзімін созған.

2020 жылы 22 қазанда парламент заң қабылдап, оған сәйкес жаңа парламент сайлауы Конституцияға өзгеріс енгізілгенге дейін шегерілген. Бұған дейін жаңа парламент сайлауы 2021 жылдың 1 маусымына белгіленген еді. Алайда президент әкімшілігі жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Жогорку кеңесі жаңа ереже бойынша жасақталады және ол үшін арнайы заң қабылдануы тиіс деп мәлімдеген.

28 шілдеде парламент "ҚР президенті мен Жогорку кеңеш депутаттарын сайлау туралы" заңның жаңа нұсқасын мақұлдады. Жаңа нормаға сәйкес, депутаттардың саны 120-дан 90-ға дейін қысқарып, 54-і саяси партия тізімі бойынша, 36-сы бір мандаттық округ бойынша сайланатын болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG