Accessibility links

Гурбангулы Бердімұхамедовтің әйелінің фотосы алғаш рет БАҚ беттеріне жарияланды


Түркия президенті Ердоған мен оның әйелі Эмине Ердоған және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен оның әйелі Огулгерек Бердімұхамедова.
Түркия президенті Ердоған мен оның әйелі Эмине Ердоған және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен оның әйелі Огулгерек Бердімұхамедова.

Түркия медиасы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әйелі Огулгерек Бердімұхамедованың фотосын жариялады. Оның фотосы бұған дейін БАҚ беттерінде жарияланбаған еді. Суретті алғашқылардың бірі болып SonDakika сайты шығарды.

Бердімұхамедов пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әйелдерімен фотоға 27 қарашада Ашхабаттағы банкетте түскен. Ердоған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Түркіменстанға екі күндік сапармен келген еді.

Түркіменстанның ресми басылымдары Огулгерек Бердімұхамедованың әйелінің фотосын жарияламайды. Әдетте Гурбангулы Бердымұхамедов телеарнада және газет беттерінде өзі ғана шығатын. Отбасылық фотоларда Бердімұхамедовтің ұлы, қыздары және немерелері болатын.

Азаттықтың Түркімен қызметі Огулгерек Бердімұхамедова жайлы деректер, жасы, қызметі жайлы дерек жоғын атап өткен. Гурбангулы Бердімұхамедов шетелдік сапарларға әйелін апармайды.

Түркіменстанды 21 жыл басқарған Сапармұрат Ниязов өмірден өткен соң – 2007 жылы президенттікке Гурбангулы Бердімұхамедов келген еді. Содан бері ол Түркіменстанды басқарып келеді. Оның "Арқадағ" титулы ("жебеуші") бар. Елдегі сайлау комиссиясы Бердімұхамедов 2012 және 2017 жылғы сайлауда 97,14% және 97,69% дауыс жинап деп мәлімдеген.

Ол билік құрғалы Түркменстан экономикасы құлдырап, елде күнделікті қажетті азық-түлік тапшы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG